Артқа
Қуаныш Серік Орынғалиұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Өмірбаян
Атырау облысы Мақат ауданының Құрметті азаматы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1986).
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы (1992-2007), Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (2008-2017), Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысы (2018-2022), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Атырау облысы әкімі жанындағы Ұлттық тарихты зерттеуді үйлестіру қоғамдық кеңесінің мүшесі (2013-2014), Атырау облысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшесі, топ жетекшісі (2021-2023), Атырау облысы Ономастикалық комиссия мүшесі.
Ғылыми қызығулар: Қазақстан тарихы, өлке тарихы, саяси қуғын-сүргін.
Қосымша білімдер: «Teaching Techniques Development» бағдарламасы бойынша Валенсия политехникалық университетінің (Валенсия, Испания) базасында тағылымдама (2015), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Swiss American Academy өткізген «Қазіргі заманғы педагогика және ағылшын тілінде пәндерді оқыту» бағдарламасы бойынша курс (2016), HAMK University of Applied Sciences (Финляндия) үйлестірген, Назарбаев Университетімен бірлескен және Дүниежүзілік Банк қолдауымен «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» (2024) жобасы бойынша біліктілік жетілдіру курсы және т.б.
Жарық көрген еңбектері: «Атырау-Маңғыстау аймағы 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында» монографиясы (2010), «Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі Атырау облысы мемлекеттік архиві құжаттарында» құжаттар жинағы (2019), «Мәңгілік тағзым. Атырау облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» 2 томдық құжаттар жинағы (2020), «1920-1923 жж. Гурьев уезі зиялыларының өкілдері (тарихи-өмірнамалық анықтама)» құжаттар жинағы (2021), «Атырау облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)» 2 томдық құжаттар жинағы (2022), «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» монографиясы, т. 2-3 (2023), «1920-1930 жылдардағы Атырау аймағы» құжаттар мен мақалалар жинағы (2023), «Ғасыр белесінде. Мақат ауданына 100 жыл» энциклопедиялық жинағы (2024).