Артқа
Кайргалиева Гулфайруз Қайырғалиқызы

Кайргалиева Гулфайруз Қайырғалиқызы

Ректор аппараты жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Тарих ғылымдарының кандидаты (2010 жылы). 1968 жылы 29 қазанда Атырау облысының Индер ауданы Кулагино селосында дүинеге келген. Тарихшы. Педагог. 1986 жылы Махамбет ауданы Махамбет орта мектебін, 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірді. ҚССР Білім министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогикалық институтына (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) жас маман ретінде жұмысқа келді. КСРО тарихы кафедрасында стажер-оқытушы, оқытушы, Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы, 2014 жылдан қауымдастырылған профессор болып еңбек етеді. Тарих және құқық, тарих-филология факультеттері деканының орынбасары, университеттің ақпарат қызметінің жетекшісі, тарих-филология факультетінің деканы, университеттің баспасөз қызметі жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы болып жұмыс жасады. 2020 жылдың қаңтар айынан ректор аппараты жетекшісі. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты отандық тарих, оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы болып табылатын батырлар институты. 2010 жылы «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы рөлі (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. «Қазақ қоғамындағы батырлар институты», «Қазақстан мұнай өнеркәсібін қалыптастырудағы әйелдердің үлесі» монография, «Тарихты оқыту әдістемесі» оқу құралы, халықаралық және отандық басылымдардағы ғылыми мақалалар авторы. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орны үздік оқытушысы республикалық конкурсының жеңімпазы атанып, грантқа ие болды (2018 жылы). Марапттары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы» төсбелгісімен (2019), ҚР ЖОО Ассоцияциясының «Ахмет Байтұрсынов» күміс медалімен, ҚР Президенті Қ.Ж.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен (2021), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынов» (2024), «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі (2025), «Аманат» партиясының «Белсенді қызметі үшін» (2025) төсбелгісімен, қоғамдық ұйымдардың және университеттің Алғыс хаттарымен марапатталған.