Артқа
Каракенова Саяхат Габлетовна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Каракенова Саяхат Габлетовна 1986 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келді.
Білімі:
1992-2003 жж. Абай атындағы қазақ орта мектебінде білім алды.
2003-2008 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 010200 – «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тамамдап, математик, жүйелік бағдарламашы біліктілігін алды.
2008-2010 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 6N0601 – «Математика» мамандығы бойынша магистратурада оқып, математика мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі берілді.
2018-2021 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6D060100-«Математика» мамандығы бойынша докторантураның толық теориялық аяқтап, 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қарамағында құрылған «6D060100 (8D05401) – Математика», «6D070500 (8D06104) – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша құрылған (PhD) философия докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінің «6D060100-Математика» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысын қорғап, философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін алды.
Жұмыс өтілі:
2008 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жанындағы колледжінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болды.
2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасына магистр, оқытушы болып жұмысқа қабылданды.
2015-2016 жылдары Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу және тәрбие ісі бойынша деканның орынбасары қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Стратегияны және аналитиканы жүзеге асыру бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс жасады.
2018 жылы Стратегиялық бастамалары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2018-2020 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінде аға оқытушысы қызметінде болды.
2018-2021 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінде 6D060100-Математика мамандығы бойынша докторантура бойынша білім алды.
2022 жылы 2022-2024 жж. арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру аясында №АР15473218 «Екінші ретті интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешу әдістері» жобасының жетекшілік етіп, кафедраның постдокторанты қызметін атқарды.
2023 жылы PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
2024 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.
2025 жылы Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD қызметін атқаруда.