Артқа
Қабылхамитов Ғалымжан Туғайбайұлы

Қабылхамитов Ғалымжан Туғайбайұлы

физ.-мат.ғылымдарың кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

Өмірбаян

Қабылхамитов Ғалымжан Тоғайбайұлы (11.12.1964 ж.т. Гурьев қаласы). Алматы қаласындағы «Республикалық физика – математика мектебінде» білім алған (1978-1982 жж.). 1) 2004 жылдан бастап «Атырау мұнай және газ» институтының «Жоғарғы математика кафедрасының Академиялық доценті». «Физика – математика ғылымдарының кандидаты» (2010 ж). 2) 2014 ж «Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының», «Математика және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Академиялық профессоры». «Ленин комсомолы» атындағы «Новосібір мемлекеттік университетінің», «Механика - математика» факультетінде, «Қолданбалы математика» мамандығын оқып бітірген (1982-1989 жж.). 3) 2019-шы жылдан бастап «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті», «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы. 2010 жылы Алматы қаласындағы, «Әль – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде», «Еркін шекаралы изотермиялық емес сүзгілеу есептерін жуықтап шығару әдістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, «физика – математика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алды. 20 – дан аса ғылыми мақалалар республикалық және шетелдік баспаларда жарияланды. «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен» (1993 ж); 2005 жылы «Атырау мұнай және газ» институтының 25 жылдығы медалімен (2005 ж); Сағадиев Е.К. – нің Алғыс хатымен (2016 ж). «Ы. Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталған (2016 ж).