Артқа
Мугауина Гулбарам Олжагалиевна

Мугауина Гулбарам Олжагалиевна

PhD доктор, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Мугауина Гулбарам Олжагалиевна - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. 1985 жылдың 2 қазан күні Атырау облысы, Индер ауданы, Зеленый селосында дүниеге келген. 1992 жылы Зеленый селосындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепті 1-сыныбына қабылданып, 2001 жылы негізгі орта мектепті бітірген. 2001 жылы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» мамандығына түсіп, 2005 жылы аяқтаған. 2005 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай селосындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебіне ағылшын тілі пәнінен дәріс беріп, мұғалімдік қызметін атқарған. 2006-2010 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын игерген. 2008 жылдың 1 желтоқсан айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жалпы және халықтық педагогика кафедрасына лаборанттық қызметіне жұмысқа орналасады. 2012-2014 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің 6М010300-Педагогика және психология мамандығын аяқтайды. Еңбек жолын 2012-2018 жылдар аралығында Оқу бөлімінің әдіскері ретінде жалғастырады. 2014-2016 жылдары ЖОО-ның 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына оқуға қабылданып, «Мемлекеттік сектордағы басқару» атағына ие болады. 2018-2021 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураға түскен. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Инновациялық білім беру факультетінің Психология және педагогика кафедрасында қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) қызметін атқарып келеді. 2022 жылдың 28 қазанында 6D010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша диссертациялық жұмысымды сәтті қорғап, «Философия докторы (PhD)» дәрежесін алды. 2021-2024 жылдар аралығында Инновациялық білім беру факультетінің декан орынбасары қызметінде болған.