Артқа
Кенжебаев Азамат Әбілқайырұлы

Кенжебаев Азамат Әбілқайырұлы

философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Кенжебаев Азамат Әбілқайырұлы — философия ғылымдарының кандидаты, «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 1963 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) философия-экономика факультетін тәмамдаған. 1985 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еңбек етіп келеді. Еңбек жолында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған: 1986–1987 жылдары Гурьев педагогикалық институты комсомол комитетінің хатшысы, 1998 жылы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім бастығы қызметін атқарған. 2010 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болды. 2001–2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институтында сырттай аспирантурада білім алған. 2005 жылы «Әлеуметтік қақтығыс құбылысын әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2006–2009 жылдары ҚР БҒМ ғылыми жобасы аясында «Қазақстандағы шетелдік еңбек көші-қоны және тұрақты даму жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарына қатысты. Ғылыми зерттеу бағыттары: әлеуметтік философия, қақтығыс философиясы, конфликтология, көші-қон үдерістері және мәдениеттің социодинамикасы. Көпжылдық адал еңбегі үшін ведомстволық және университеттік марапаттарға ие болған.