Артқа
Туралиев Азамат Қуатұлы

Туралиев Азамат Қуатұлы

магистр, сеньор-лектор

Өмірбаян

Туралиев Азамат — магистр, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының сеньор-лекторы. 1988 жылы 24 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2006 жылы №9 Макаренко атындағы орта мектепті бітірген. Сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне түсіп, «Баспа ісі және редакциялау» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы бакалавриатты аяқтап, осы университеттің Журналистика факультетінде «Мерзімді баспасөз және электронды БАҚ» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. 2014–2016 жылдары «Атамекен» баспасында редактор қызметін атқарған. 2017 жылы еліміздегі алғашқы аграрлық интернет-порталдардың бірі — Agrobiz.kz сайтында шығарушы редактор болды. 2018 жылы Қазақстан Ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалының жаңалықтар бөлімінде тәжірибеден өтіп, телевизия саласында қызмет атқарған. 2018–2022 жылдары Алматы облысындағы «Damu» индустриалды-логистикалық орталығында қоғаммен байланыс бөлімінің тілшісі және редакторы болды. 2023 жылы Атырау қаласында «Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде» тілші болып жұмыс істеді. Сол жылдың мамыр айынан бастап «Caspian News» телеарнасында редактор қызметін атқарды. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Медиаорталығының директоры және бөлім маманы қызметтерін атқарды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде аға оқытушы, сеньор-лектор ретінде қызмет етеді.