Артқа
Қуатова Құралай Үргенішбайқызы

Қуатова Құралай Үргенішбайқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Қуатова Құралай Үргенішбайқызы — магистр, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің аға оқытушысы. 1977 жылы 1 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген. 1994–1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде бакалавр дәрежесін алған. 2023–2025 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистратурасында филология мамандығы бойынша білім алған. Магистратураның бір бөлігін «Қос диплом» бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Омер Халисдемир атындағы Нийде университетінде тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласындағы «Ана тілі» газетінде журналист ретінде бастаған. 2001–2003 жылдары Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық телевидениесінде (2002–2003) және «Алтын Орда» газетінде (2002–2004) журналист ретінде жұмыс істеген. 2004–2017 жылдары «Атырау» газетінде тілші, 2010–2015 жылдары «Заң» газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі, 2013–2014 жылдары Атырау облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2017–2019 жылдары «Жас Алаш» газетінің өңірлік тілшісі болды. Сонымен қатар, 2017–2020 жылдары Атырау қалалық оқушылар орталығында үйірме жетекшісі қызметін атқарды. 2020–2022 жылдары «ATAMEKEN BUSINESS» медиахолдингінің inbusiness.kz порталында Батыс аймақ бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. 2022–2024 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз хатшысы болды. 2008 жылы «Жыл журналисі» атағына ие болған. 2011 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен EITI (Extractive Industries Transparency Initiative) тренингіне қатысқан. 2019 жылы Алматы қаласында өткен «Open Budget Fellowship» бағдарламасының семинарына қатысқан. Бірқатар республикалық және өңірлік БАҚ байқауларында жүлделі орындарға ие болып, облыс, қала әкімдерінің, облыстық мәслихаттың және басқа да ұйымдардың алғыс хаттарымен, төсбелгілерімен марапатталған. «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл: ширек ғасыр шежіресі» кітабының авторы. Ғылыми еңбектері: 1. «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тақырыбының қазіргі қазақ киносындағы көрінісі» 2. «Кинопедагогиканың білім беру саласындағы орны мен педагог образын қалыптастырудағы рөлі» 3. «Эпикалық дастандардың экранға шығуы: “Қорқыт” көпсериялы туындысына шолу» Ғылыми мақалалары республикалық және халықаралық конференциялар материалдарында жарияланған.