Артқа
Утепкалиев Серик Утепкалиевич
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Утепқалиев Серік Утепқалиұлы - 29.11.1952 ж.т., педагогика ғылымдарының кандидаты, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры.
E-mail: Serik.Utepkaliyev@mail.ru
Білімі және ғылыми дәрежесі
• 1970–1974 жж. Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін үздік дипломмен және Лениндік стипендия дәрежесімен бітіріп, математика пәні мұғалімі біліктілігін алды.
• 1986–1990 жж. Ленинград қаласындағы Герцен атындағы университеттің аспирантурасында оқып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
• 1998 ж. Ресей білім академиясының ғылыми кеңесінде «Жоғары сынып оқушыларын мазмұнды есептерді өз бетінше құрастыруға үйрету әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Жұмыс қызметтері:
1977 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет атқарады. Университетте алгебра және геометрия кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарған.
• 1993–1996 жж. – физика-математика факультеті деканының орынбасары
• 1998–2000 жж. – сырттай оқу факультеті деканының орынбасары
• Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды
• Бірнеше жыл физика-математика факультетінің деканы болды
2016 жылдан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарады. Сонымен қатар Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры және осы академияның құрметті докторы.
Ғылыми қызығушылықтары
Заманауи оқыту технологияларын меңгеру және оны білім беру тәжірибесіне енгізу.
Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысуы «Математика» (дайындық курсы тыңдаушыларына арналған, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атты кітабы BOOKEXPO AMERICA 2019 халықаралық көрмесінде арнайы каталогқа енгізіліп, сертификатпен және «BOOKEXPO AMERICA» алтын медалімен марапатталды.
2021–2022 жылдары оның «Методика обучения самостоятельному решению текстовых задач по математике» атты монографиясы және «Руководство к решению задач математической олимпиады» атты кітабы Ресей Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған 35-ші Халықаралық Мәскеу кітап көрмесінде «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен марапатталды.
Ғылыми еңбектері
90-нан астам ғылыми мақала, 1 монография, 2 оқулық және 3 оқу құралының авторы.
Марапаттары
• ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы
• Облыстық және қалалық әкімшіліктердің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары
• «Білім беру лидері»
• «Халық мұғалімі»
• ҚР «Үздік тәлімгер – 2020» байқауының I дәрежелі дипломы
• «Үздік педагог-тәлімгер» номинациясының иегері
• Ресей Жаратылыстану академиясының «Ғылым және білім берудің еңбегі сіңген қызметкері» атағы
• «Европалық сапа» алтын медалі
• «Исаак Ньютон атындағы» алтын медаль
• «В.И. Вернадский атындағы» алтын медаль
• «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені
• «Халел Досмұхамедов атындағы» алтын медаль
• ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы
• Ресей Жаратылыстану академиясының «За новаторскую работу в области высшего образования» және «За верность традициям отечественного образования» алтын медальдары
• «Білім – Өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы – 2022» байқауының жеңімпазы
• «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» энциклопедиясына енгізіліп, төсбелгі және дипломмен марапатталған