Артқа
Кенжегулов Бекет
тех.ғыл.док., профессор
Өмірбаян
Кенжегулов Бекет -28.10.1960 ж., техника ғылымдарының докторы, профессор. Эл.пошта b.kenzhegulov@asu.edu.kz
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
Білімі жоғары, 1983 жылы аль-Фараби (сол кездегі С.М.Киров) атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша үздік бітірген (диплом ИВ №330321, 30.06.1983ж.) Қазақстан Республикасының (ол кездегі КазССР) Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен 1983 жылы Гурьев педагогикалық институтына жұмысқа орналасқан. Мамандығы- математик, оқытушы.
Физика және математика ғылымдарының кандидаты (КД № 067270;16.09.1992ж. №3 хаттама). 1986-1992 жылдары ҚазМУ жанындағы механика-математика факультетінде күндізгі аспирантурада оқыды.
ҚР Министрлер кабинеті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен математика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді (ДЦ №0002458, 11.07.1997 ж., №5 хаттама).
2009-2010 жылдары - ҚР ҒА Математика институтында докторантурада болған.
2010 ж. 30 сәуірде 05.13.18- математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені мамандығы бойынша «Численное моделирование многомерных температурных и одномерных нелинейных термомеханических процессов в жаропрочных сплавах» тақырыбындағы техника ғылымдарының докторы диссертациясын сәтті қорғап, 2010 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілді (ФД № 0001138, 30.09.2010 ж., №6 хаттама).
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 13 шілдедегі шешімімен 05.13.00-мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді (ПР № 0000629, 13.07.2011 ж., №5 хаттама).
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттінде қызмет жасайтын 2 оқытушыға кандидаттық диссертация жазуға ғылыми жетекші болып, олар кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап, университеттің ғылыми әлеуетін көтеруге үлес қосты. Олар: 1. Тулеуова Р.О. (FK № 0002736; 19.03.2009; №3 хаттама); 2. Мырзашева А.Н. (FK №0004240; 26.03.2010; №3 хаттама). 1 ғылым докторына, 1 ғылым кандидатына ресми аппонент, 40-тан астам магистрлік диссертацияға ғылыми жетекші болды.
Жұмыс қызметтері:
1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында жұмыс істейді.Оның ішінде: 1994-2000 ж.ж аралығында алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі; 2000-2009 ж.ж. аралығында физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы. 2010 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін экономика және басқару факультетінің деканы; 2011-2014 жж. физика және математика факультетінің деканы; 2012 жылғы қаңтардан 2016 жылғы ақпанға дейін V шақырылған Атырау облыстық мәслихатының депутаты, 2016 жылғы наурыздан 2022 жылғы наурызға дейін Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді. 2014-2015 жж. жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы; 2016-2020 жж. физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы; 2020 жылдың 2 қарашасынан 2022 жылғы қыркүйекке дейін Университет жанындағы "Математика және қолданбалы технологиялар" ғылыми-зерттеу институтының директоры, кейін "Математика және бағдарламалық инженерия" бөлімінің басшысы.
Ғылыми қызығушылықтары: математикалық модельдеу, сандық әдістер, бағдарламалар кешені, дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика теңдеулері, математикалық талдау.
Қызуға төзімді құймалардағы көп өлшемді температуралық және бір өлшемді сызықтық емес жылу механикалық процесстерді сандық модельдеу.