Артқа
Эльдарова Эльмира Эльдаровна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Эльдарова Эльмира Эльдарқызы - 07.07.1985 ж.. Ph.D., “Информатика” кафедрасының қауымдастырылған профессоры. E-mail: e.eldarova@asu.edu.kz
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
2002-2007 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 010540-Информатика мамандығы бойынша білім алып, “Информатик” біліктілігін алды.
2012-2014 жж. Мирас университеті, 6М060200-Информатика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
2018-2021 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 6D070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша докторантурда білім алды.
2025 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша мамандар даярлау жөніндегі диссертациялық кеңесінде «Сапаны объективті бағалау негізінде сандық бейнелердің визуальдық қасиеттерін арттыруға арналған бағдарламалық қамтама әзірлеу» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғап, 6D070400- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Жұмыс қызметтері: 2007 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Информатика” кафедрасында қызмет етіп келеді.
Ғылыми қызығушылықтары: цифрлық бейнелерді өңдеу, машиналық оқыту, жасанды интеллект әдістері
Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу:
Эльдарова Э.Э. Старовойтов В.В. Основные подходы к оценке качества цифровых изображений // «Prospects for the Development of Modern Scienc" Materials of the IV International Scientific-Practical Conference, March 20-22, 2019 (Gwangju, Korea)
Эльдарова Э. Актуальные проблемы улучшения качества цифровых изображений // Smart city: Технологиялар және инновациялар " халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 17 қазан, Орал, 2023
Эльдарова Э.Э. Комбинированный метод улучшение визуального качества цифровых изображений // Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары «Жастардың шығармашылығы - қазақстанның инновациялық дамуына», 11-12 сәуір, Өскемен, 2024 ж.
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен өткізілген, 2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми және оқу орындары арасында ЕҰУ-дегі «Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» дипломымен марапатталды