Артқа
Қабылхамит Жанаргүл Тоғайбайқызы
техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.;
Өмірбаян
Аты-жөні: Қабылхамит Жанаргүл Тоғайбайқызы – 05.03.1977 ж., техника ғылымдарының кандидаты, “Информатика” кафедрасының қауымдастырылған профессоры. E-mail: Kabylkhamitz@gmail.com
Қысқаша өмірбаян: Қабылхамит Жанаргүл Тоғайбайқызы 05.03.1977 жылы интеллегент жанұясында дүниеге келген. 1998 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, физика-математика факультетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын, 1998 жылы, Ж.Молдағалиев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта математика және информатика пәндерінің мұғалімі қызметінен бастаған, 2005 жылдың ақпанынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика» кафедрасына стажер оқытушы қызметіне қабылданады. Еңбек ете жүріп, 2003 ж. түскен, АтМжГИ аспирантурасын сырттай оқу түрімен «Разработка систем программных средств при управлении процессами добычи нефти» тақырыбындағы ғылыми жұмысын 2007 ж. аяқтаған. Сөйтіп, 2006-2007 оқу жылында «Информатика» кафедрасының оқытушысы атанады. 2010 жылы Алматы қаласындағы Математика институты жанындағы ОД 53.12.01 Біріккен диссертациялық кеңесінде 05.13.18-«Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» бағыты бойынша «Көмірсутек кен орындарын игеру мен мұнай өндіруді оңтайландыру үшін математикалық модельдеу және компьютерлік жүйені құру» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған.
Білімі, ғылыми дәрежесі:
1994-1998 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 010540-Математика және информатика мамандығы. Біліктілігі: “Математика және информатика” мұғалімі.
1998-2001 жж. Ж.Молдағалиев атындағы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатта математика және информатика пәндерінің мұалімі.
2001-2003 жж. Атырау мұнай және газ институтында «Стандарттау және метрология» кафедрасының оқытушысы.
2003-2005 жж. Абай атындағы №15 мектепте математика және информатика мұғалімі.
2005- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне информатика кафедрасына стажер оқытушылыққа қабылданған.
2008- информатика кафедрасында оқытушы;
2010- информатика кафедрасында қауымдастырылған профессор м.а.;
2017-2020 - информатика кафедрасының меңгерушісі;
2025- Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Еңбек жолы: 2005 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет етіп келеді.
Ғылыми қызығушылықтары: Білім берудегі АКТ, Білім берудегі сандық технологиялар және жасанды интеллект, Смарт технологиялар.
Халықаралық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар:
2015 ж. ЖОО тыс Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» жобасына сырттай қатынасып, мақтау қағазы және төсбелгімен марапатталды.