Артқа
Багитова Каламкас Багитовна
Кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Багитова Каламкас Багитовна – PhD, қауымдастырылған профессор, Информатика кафедрасының меңгерушісі
Білімі және ғылыми дәрежесі
2006–2010 жж. 050602 – «Информатика» мамандығы бойынша бакалавр, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
2010–2012 жж. 6М011100 – «Информатика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
2016–2018 жж. 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалавр, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
2019–2022 жж. 8D06301–«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
2023 жылы «Онлайн әлеуметтік желілерде саяси экстремизмді анықтау әдістері мен модельдерін әзірлеу және зерттеу» тақырыбында докторлық (PhD) диссертациясын сәтті қорғады.
«Жасанды интеллект» бағыты бойынша «500 ғалым» бағдарламасының стипендиаты. 2025 жылы 5 мамыр – 30 қазан аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясында Heriot-Watt University (Эдинбург, Шотландия) университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Жұмыс тәжірибесі
2012–2019 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарып, сондай-ақ факультет деканының оқу жұмысы жөніндегі және стратегиялық даму мен ғылым жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
2020–2022 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің Ақпараттық жүйелер кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқарды.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде аға оқытушы, PhD, қауымдастырылған профессор ретінде қызмет атқарады, ал 2024 жылдан бастап Информатика кафедрасының меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.
Ғылыми қызығушылықтары
Жасанды интеллект, нейрондық желілер, мәтіндік деректерді өңдеу, әлеуметтік желілерді талдау, ақпараттық қауіпсіздік және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді әзірлеу.