Артқа
Кабиев Ерлан Сырымович

Кабиев Ерлан Сырымович

PhD, қауымд. Профессор e.kabiev@asu.edu.kz

Өмірбаян

Кәсіби қызмет: Кәсіби өтілі 14 жыл. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Кабиев Ерлан – географ, физикалық география саласының маманы. Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, география және туризм кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Климаттың өзгеруі, экожүйелерді сақтау және табиғи ресурстарды басқару мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), Жерді қашықтықтан зондтау және кеңістіктік талдау салаларында жоғары кәсіби құзыреттілікке ие. Зерттеуші ретінде шөлейттенуге қарсы күрес, жер ресурстарын тұрақты басқару және су қауіпсіздігі мәселелеріне арналған үш ірі ауқымды жобаны табысты жүзеге асырды: AP23490925 «Қазақстанда суға, санитарияға және су бұру жүйесіне қауіпсіз қолжетімділік бойынша тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу: жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалану арқылы»; AP13068528 «Қазақстанның ауылдық аймақтарында қауіпсіз ауыз су мен санитарияға тұрақты қолжетімділікке қол жеткізу жолында: ТДМ 6.1 және 6.2 мақсаттарына жетудегі сын-қатерлер»; 0120РКИ0094 «Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарында қара прутняктің жоғары жеміс-мал азықтық өнімділігін қамтамасыз ететін селекциялық-тұқым шаруашылығы және технологиялық ғылыми негіздерін әзірлеу, еңбек өнімділігін арттыру».