Артқа
Әбілхайр Асылби Мұратқалиұлы

Әбілхайр Асылби Мұратқалиұлы

педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушысы.

Өмірбаян

педагогика ғылымдарының магистрі, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Аударматану және шет тілдер» кафедрасының оқытушысы. 2017–2021 жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Аударма ісі және аударматану» мамандығы бойынша бакалавриатта оқыды. 2021–2023 жылдары сол университетте «Педагогика ғылымдары - аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2023 жылдан бастап «Аударматану және шет тілдер» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады. Педагогикалық жұмыс тәжірибесі — 3 жыл. Бакалавриат деңгейінде келесі пәндерді оқытады: — CAT Tools — аудармашы жұмысын автоматтандыру (SmartCAT); — Академиялық жазу; — Спорт және туризм саласы мәтіндерінің аудармасы. Ғылыми қызығушылықтары: білім берудегі жасанды интеллект; ЖИ-көмегімен аударма және машиналық аударма; академиялық зерттеулерге арналған ЖИ құралдары; шет тілін оқытуға ЖИ интеграциясы. Ғылыми жұмыс Келесі ғылыми-зерттеу жобаларына қатысушы: 1. AP32729929 — Ұлттық грант (қабылдау күтілуде). Тақырыбы: «Цифрлық трансформация жағдайында шет тілін оқыту процесіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау: интерактивті әдістемелік модельді әзірлеу». Рөлі: қатысушы. 2. Атырау университетінің ғылыми жобасы — университеттік грант (мақұлданды, бастамасы — 2026 жылдың ақпаны). Тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда тұрақты даму мақсаттары арқылы ағылшын тілін оқытудың заманауи және цифрлық әдістері». Жетекшісі: Ахмарал Хайржанова Хатифқызы. Рөлі: қатысушы және рисерчер. Жарияланымдар мен оқу материалдарының тізімі Оқу құралының авторы: 1. «Secret Sauce AI 101: A Beginner's Guide to Getting Started with AI» — электронды кітап (76 бет). Оқытушылар мен студенттерге жасанды интеллект құралдарын сенімді түрде меңгеруге арналған қолжетімді тілде жазылған. Конференциялар мен семинарлар 1. Атырау университетінің 80 жылдығына арналған конференция (16–17 қазан). Білім беру бағдарламалары: бакалавриат — 6B02301; магистратура — 7M02302.