Шетелдік студенттерге арналған түсіндірме іс-шарасы өтті
Х. Досмұхамедұлы аиындағы Атырау университетінде шетелдік студенттерге арналған арнайы түсіндірме іс-шарасы өткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты — шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары мен миграциялық ережелерін кеңінен түсіндіру, тіркеу және құжат рәсімдеу тәртібін нақты көрсету, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, сондай-ақ миграциялық проблемалардың туындауына жол бермеу болды.
Кездесу барысында қатысушыларға көші-қон саласындағы қолданыстағы талаптар жан-жақты түсіндіріліп, қажетті ақпараттар берілді. Сонымен қатар студенттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріліп, тиісті құқықтық кеңестер ұсынылды.
Іс-шараға университет проректоры, заңгер мамандар, факультет декандарының орынбасарлары, кураторлар және барлық шетелдік студенттер қатысты. Аталған кездесу шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың оқу үдерісіне алаңсыз бейімделуіне және көші-қон талаптарын сақтауына мүмкіндік береді.
📷 Дополнительные изображения