Media Image
17.03.2026 10

ШАҢЫРАҚ КҮНІ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ

Наурызнаманың онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында қазақ халқының отбасы құндылықтарына қатысты салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, бесікке салу рәсімі сахналанып, дәстүрге сай сәбиге есім беріліп, бесікке бөлеу көрінісі ұсынылды.

Сонымен қатар, тұсау кесер рәсімі де көрсетіліп, кішкентай сәбидің тұсауын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы кесті.

Мерекелік кеште студенттер домбыраның күмбірлеген үнімен ән шырқап, ұлттық би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шарада ұлттық тағамдар қойылып, қонақтар мен көрермендерге шашу шашылды.

📷 Дополнительные изображения