Media Image
19.02.2026 3

Atr.kz:Құқық үстемдігі қағидасы – әділетті мемлекет құрудың негізі

Біз жаңа Конституцияның қабылдануына қатысты байыпты әрі позитивті көзқараста болуымыз қажет. Қоғамда конституциялық реформаларға қатысты түрлі пікірлердің болуы – табиғи әрі заңды құбылыс. Бұл – демократияның өміршеңдігінің, саяси плюрализмнің және азаматтық пікір алуандығының көрінісі. Құқықтық мемлекет теориясында пікір алуандығы институционалдық тұрақтылықтың белгісі ретінде қарастырылады, өйткені әртүрлі көзқарастар құқықтық шешімдердің сапасын арттырады және оларды қоғамның кең ауқымды мүдделерімен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Конституция – тек құқықтық құжат емес. Құқық теориясы тұрғысынан алғанда, ол – мемлекеттіліктің нормативтік іргетасы, қоғамдық келісімнің құқықтық формасы және биліктің шектерін айқындайтын негізгі акт. Конституция биліктің қайнар көзін, оның өкілеттіктерін және шектеулерін айқындай отырып, мемлекетті құқықпен байланыстырады. Сондықтан оның мазмұны тек рәсімдік талаптарға ғана емес, қоғамның құндылықтық бағдарларына, стратегиялық мақсаттарына және тарихи дамуына сәйкес болуы тиіс.

Толығырақ: https://atr.kz/kozqaras/quqyq-ustemdigi-qagidasy-adiletti-memleket-qurudyn-negizi/