Atr.kz:Құқықтық жауапкершіліктің жаңа өлшемі
Қазіргі жаһандық дамудың басты ерекшелігі – цифрлық технологиялардың қоғамдық қатынастар құрылымына терең енуі. Ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару, экономика, білім беру және әлеуметтік коммуникациялар жаңа технологиялық шындықпен тығыз байланыста дамып келеді. Бұл үдеріс адами капиталды дамыту мәселесін де жаңа деңгейге көтерді. Білім беру, ғылым, мәдениет және цифрлық сауаттылық қоғамның инновациялық әлеуетін арттырып қана қоймай, азаматтардың жеке дамуына да кең мүмкіндіктер ашуда. Әсіресе балалар мен жастардың қауіпсіз цифрлық ортасын қалыптастыру бүгінгі күннің стратегиялық міндетіне айналып отыр.
Толығырақ: https://atr.kz/quqyq/quqyqtyq-zhauapkershiliktin-zhana-olshemi/