Құттықтаймыз!
Облыстық жоғары оқу орын студенттері, колледж студенттері және жас оқытушы мамандар арасында өткен «Жігіт Сұлтаны» байқауында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, үш бірдей жүлделі орынды иеленді!
Үш бірдей жүлдені қоржынға салған жігіттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
🥇 І орын – Инновациялық білім беру факультетінің студенті Абзал Ғамидолла
🥈 ІІ орын – Физика, математика және технологиялар факультетінің студенті Кеңесбаев Саламат
🥉 ІІІ орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенті Адилов Алижан
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп, бағындырар белестеріңіз биік болсын!