Медиа ресурстар
Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасының мониторингі жалғасуда!
Жаңалықтар

Атырау университетінде Академиялық адалдық лигасының мониторингі жалғасуда!

Бүгін, 26 ақпанда, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде сарапшылар тобының екінші жұмыс күні өтті. Бұл сапардың басты мақсаты - университеттің Академиялық адалдық лигасына мүшелікке өтуіне байланысты мониторинг жүргізу.

 

Бүгінгі күннің күн тәртібінде:

 

Ашық диалог: Сарапшылар студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесіп, оқу сапасы мен адалдық принциптері туралы пікір алмасты.

 

Инфрақұрылыммен танысу: Университет қалашығы, оқу корпустары мен жатақханалардың жағдайын зерделеді.

 

Құжаттама: Оқу, ғылым процестерінің ашықтығын растайтын маңызды құжаттар зерделенді.

 

Университет ұжымы мен студенттері үшін бұл — сапа мен сенімнің жаңа белесі!