Мамандық таңдау – маңызды қадам!
2026 жылғы 25 ақпан күні Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті, Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторлары Айтмуханова Д.У., Наурызова В.Қ. және Кәсіби бағдар және маркетинг бөлімінің жетекшісі Ергалиева К.С. М.Өтемісов атындағы орта мектептің 11-сынып түлектерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Атырау университетіндегі мамандықтар туралы, оның ішінде құқықтану мамандығының маңыздылығы, оқу бағдарламасының ерекшеліктері және болашақ кәсіби мүмкіндіктері туралы кең көлемде ақпарат берілді. Университеттің әскери кафедраның талаптары, ұсынылатын жеңілдіктер туралы айтылды. Сонымен қатар университеттегі білім беру артықшылықтары мен студенттік өмірге қатысты пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу орын алды.