Media Image
24.02.2026 4

Қауіпсіз қоғам қалыптастыру - ортақ міндет

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінде студенттер үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара барысында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу, құқықтық жауапкершілік пен психологиялық қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге арнайы қатысқан қонақтар: Атырау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше бастығы, полиция капитаны Оракбаева Айгерим – құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.

Психологиялық қолдау орталығы психолог маманы Молдакулова Индира – зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары мен қолдау көрсету жолдары жөнінде кәсіби кеңестерімен бөлісті.

 Мазмұнды ақпарат, ашық диалог және пайдалы кеңестер үшін мамандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

✨ Ұйымдастырушылар: Файзуллин Айбек мырза; Арыстанғалиева Г.Ғ.

Осындай маңызды тақырыптарды көтеру – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға жасалған үлкен қадам.

 

📷 Дополнительные изображения