Media Image
23.02.2026 13

Магистрлік жобалар сәтті қорғалды

2026 жылғы 18 ақпанда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Экономика және құқық факультетінде 7М04116 білім беру бағдарламасының 1 курс, 1 жылдық бейінді бағыт магистранттары қорытынды аттестация барысында магистрлік жобаларын сәтті қорғады. Ұсынылған магистрлік жобалар заманауи экономикалық үрдістерді, басқару тетіктерін жетілдіруді, ұйымдардың тиімділігін арттыру жолдарын және салалық мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстарды қамтыды.Қорғау нәтижелері магистранттардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасқанын, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алатынын және дербес ғылыми-зерттеу жүргізу қабілеттерін көрсетті. Қорытынды аттестация жоғары деңгейде ұйымдастырылып, магистранттар өз жобаларын табысты қорғап шықты.

 

📷 Дополнительные изображения