М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті оқытушылары іссапармен келді
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті оқытушылары – Чудрова Венера Утегеновна, Ерниязова Алия Айбековна, Гиззатова Алла Ислямовна және Турниязова Акмарал Конысовна Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында іссапармен келді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты – жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибелермен бөлісу, білім беру үдерісінің сапасын арттыру және оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.
Сапар барысында қонақ оқытушылар факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізіп, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, білім алушыларға арналған ашық дәрістер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылып, заманауи оқыту әдістері, цифрлық білім беру технологиялары және пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері таныстырылды.
Кездесу аясында екі университет арасындағы алдағы ынтымақтастық бағыттары, бірлескен ғылыми жобалар, жарияланымдар, академиялық ұтқырлықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтуға, тәжірибе алмасу аясын кеңейтуге және білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
📷 Дополнительные изображения