«Әділетті Қазақстанның конституциялық тұғыры ретіндегі заң мен тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика және құқық факультетінің «Медиация» орталығы және ««ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстанның конституциялық тұғыры ретіндегі заң мен тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздерін кеңінен насихаттау, қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп қағидаттарын нығайту, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызын түсіндіру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді және жауапты қарым-қатынасты дамыту.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы нормаларының маңызын талқылау, заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы рөлін түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Жиынға ««ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры, п.ғ.к. Койшигулова Л.Е, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қосыбаев К. Т., ҚХА Ақсалдар кеңесінің мүшесі Ғабдолла Х., Қазақстан халқы Ассамблеясы Институтының директоры, з. м. Бақытова А.Ж. қатысты.
Спикерлер жаңа Конституциялық реформалардың маңыздылығын, олардың әлеуметтік-саяси өмірге әсерін қатысушылармен бірге талқылады. Іс – шара барысында, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.