Narxoz университетінде РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
2026 жылдың 10 ақпанында Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының меңгерушісі З.Ж. Кенжеғалиева Narxoz университетінде РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысына қатысты.
РОӘК отырысы оқу үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды.
Пленарлық мәжілісте РОӘК ОӘБ төрағасы, PhD докторы, Narxoz университетінің президенті Қ.Т.Қожахмет құттықтау сөз сөйледі.
Панельдік пікірталас барысында жетекші университеттердің, соның ішінде СДУ, ҚБТУ және Narxoz университеттерінің академиялық процестерде ЖИ қолдану тәжірибесі туралы баяндамалары ұсынылды.
«Қаржы, банк ісі және сақтандыру» тақырыбындағы секциялық отырыс осы салада студенттерді даярлайтын 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдерін жинады.
Секциялық отырыста ЖИ-ны білім беруде қолдану, ЖИ дәуіріндегі қаржыны оқыту және оқу үдерісінде халықаралық бизнес-кейстерді шешу мәселелері талқыланды.
Жиынға қатысушылар бірауыздан қаржы саласындағы ЖИ есептеулердің жылдамдығын, тиімділігін және дәлдігін арттыру арқылы қаржылық қызмет көрсету секторындағы қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, бірақ мамандардың сараптамалық қорытындысын алмастырмайды деген қорытындыға келді.
📷 Дополнительные изображения