Media Image
13.02.2026 9

Өзбекстан Республикасының Бас консулы университетімізде шетелдік білім мүмкіндіктері туралы кездесу өткізді

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Өзбекстан Республикасы Ақтау қаласындағы Бас консулдығының консулы (бас консулы) Абдукаримов Жамолиддинхужа Абдузукурдың ұсынысымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға университетіміздің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бахыт Алтынбасов, факультет декандарының орынбасарлары және студенттер қатысты.

Кездесу барысында Абдукаримов Жамолиддинхужа Абдузукур өзбек студенттеріне шетелде білім алудың мүмкіндіктері, халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар түрлі оқу гранттары мен стипендиялық бағдарламаларға тоқталып, құжат тапсыру талаптары мен іріктеу кезеңдері жөнінде түсіндірме берді.

Кездесу барысында студенттер шетелде білім алу жолдары туралы пайдалы кеңестер алып, өз мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ақпаратпен танысты.