Атырау университеті «Бизнес со смыслом» PR-агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті «Бизнес со смыслом» PR-агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімнің басты мақсаты – журналистика, қоғаммен байланыс және медиакоммуникация салаларында тәжірибеге негізделген білім беруді дамыту, студенттер мен жас мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымы мен кәсіби орта арасындағы байланысты күшейту.
Меморандум аясында студенттердің оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, бірлескен дәрістер, мастер-класстар, тренингтер мен семинарлар өткізу, білім беру және медиажобаларды бірлесе жүзеге асыру, PR саласының тәжірибелі мамандарын оқу үдерісіне тарту, түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, сондай-ақ түрлі кәсіби іс-шараларды бірлесіп өткізу көзделеді.
Бұл ынтымақтастық болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, кәсіби ортаға бейімделуіне және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.