Media Image
28.01.2026 7

“StartUp-2025” байқауы жеңімпаздарының есептік іс-шарасы өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде “StartUp-2025” байқауы жеңімпаздарының есептік іс-шарасы өтті.

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен сарапшылар қатысып, жас кәсіпкерлер 1 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен жеткен нәтижелерін, жобаларының даму барысын және дайын өнім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.

“StartUp” байқауы – студенттер мен жас мамандардың шығармашылығын, инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған тиімді креативті алаң.

2025 жылы конкурсқа 20 өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 4 үздік жоба жеңімпаз атанды. Олар бизнес, әлеуметтік, ғылыми және университет имиджін дамыту бағыттары бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

2025 жылғы жеңімпаз жобалар және бөлінген гранттар:

— «LibAU» – Рашитов Ришат Жұмабекұлы — 6 500 000 тг

— «Phyto Кожа» – Бимурзина Айгерим Бауржановна — 1 400 000 тг

— «Шандоз» – Қарақат Сакенқызы — 1 200 000 тг

— Атырау университетінің 85 жылдығына арналған эпоксидті шайырдан жасалған сувенирлер – Сатым Аружан Аязбайқызы — 1 000 000 тг

Жалпы қаржыландыру көлемі: 10 100 000 теңге.

Есеп беру барысында жоба авторлары өз стартаптарының қандай кезеңдерден өткенін, қандай нәтижеге жеткенін және алдағы даму жоспарларын таныстырды.

Бұл іс-шара студенттер үшін тек есеп беру ғана емес, тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен серіктестер табуға арналған маңызды алаң болды.

Қатысушылар тарапынан жобаларға қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, болашақта стартап экожүйесін дамыту бойынша нақты бастамалар талқыланды.

“StartUp-2026” байқауында жаңа идеялар мен жарқын жобаларды асыға күтеміз!