Media Image
26.01.2026 7

«Таза Қазақстан» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экология кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасыл технологиялар – университетте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, жасыл технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, экологиялық тұрақтылық, қалдықтарды басқару, энергияны үнемдеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, жасыл бастамаларды университет деңгейінде жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Мұндай шаралар болашақ экологтардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырады.

Таза орта – ортақ жауапкершілік!