Media Image
22.01.2026 7

«Бағалау және аттестаттау» бағыты бойынша семинар-практикум өтті

Әдістемелік декада аясында Инновациялық білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Бағалау және аттестаттау» бағыты бойынша семинар-практикум өтті.

«Критериалды бағалау – құзыреттіліктерді объективті өлшеу құралы ретінде» тақырыбында ұйымдастырылған шараға Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар барысында критериалды бағалаудың теориялық негіздері, оны білім алушылардың құзыреттіліктерін әділ әрі нақты бағалауда қолдану жолдары кеңінен қарастырылды. Бүгінгі декада аясында студенттерді бағалау және аттестаттау, соның ішінде критериалды бағалау мәселелері талқыланды.

Практикум интерактивті форматта өтіп, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Семинар қорытындысында қатысушылар бағалауды оқу үдерісінде тиімді қолдануға қатысты нақты әдістемелік ұсыныстар алды.