Media Image
19.01.2026 3

Микробіліктіліктер бойынша шеберлік-сыныбы өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Білім сапасы және еңбек нарығының талаптары» атты дәстүрлі әдістемелік декада жұмысы басталды.

Бүгін «Жұмыс беруші мойындайтын, сертификат берілетін қысқа мерзімді курсты қалай әзірлеу керек?» тақырыбында «Микробіліктіліктер» бағыты бойынша шеберлік-сыныбы өтті. Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Шеберлік-сыныбын Атырау университетінің вице-проректоры Жанар Сулейменова жүргізді. Жиын барысында микробіліктіліктерді әзірлеудің өзекті мәселелері, еңбек нарығының талаптарына сай қысқа мерзімді курстарды жобалау тетіктері және сертификаттаудың маңызы жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл орнату, білім беру бағдарламаларын практикаға бағыттау және микробіліктіліктерді білім беру үдерісіне енгізу бойынша нақты ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер алды.