Хабарландыру!
2025-2026 оқу жылының 2 семестріне
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады
Бакалавриат бойынша:
1. В003-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 1 курс – 1 орын
2. В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау 3 курс – 2 орын
3. В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау 4 курс – 1 орын
4. В006-Музыка мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын
5. В006-Музыка мұғалімдерін даярлау 4 курс – 3 орын
6. В009-Математика мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын
7. В009-Математика мұғалімдерін даярлау 4 курс – 1 орын
8. В010-Физика мұғалімдерін даярлау 2 курс – 1 орын
9. В013-Биология мұғалімдерін даярлау 2 курс – 1 орын
10. В013-Биология мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын
11. В015-Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау 4 курс – 2 орын
12. В016-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 1 курс – 1 орын
13. В018-Шет тілі мұғалімдерін даярлау 2 курс – 1 орын
14. В018-Шет тілі мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын
15. В020-Арнайы педагогика 2 курс – 1 орын
16. В031-Сән, дизайн 3 курс – 1 орын
17. В031-Сән, дизайн 4 курс – 1 орын
18. В036-Аударма ісі 4 курс – 1 орын
19. В051-Қоршаған орта 2 курс -1 орын
20. В051-Қоршаған орта 3 курс -2 орын
21. В053-Химия 2 курс – 1 орын
22. В054-Физика 1 курс – 2 орын
23. В054-Физика 3 курс – 1 орын
24. В055-Математика және статистика 2 курс- 1 орын
25. В057-Ақпараттық технологиялар 2 курс – 2 орын
26. В057-Ақпараттық технологиялар 4 курс – 1 орын
27. В076-Стандарттау, сертификатау және метрология(сала бойынша) 4 курс-1 орын
28. В077-Өсімдік шаруашылығы 3 курс – 1 орын
Магистратура бойынша:
1. М019-Шет тілдері педагогтерін даярлау 1 курс – 1 орын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына сәйкес "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді және транскрипт, жеке куәлік көшірмесімен тіркеледі;
2) келіп түскен өтініштер ғылыми кеңестің отырысында қаралады;
3) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;
Өтініш беру сұрақтары бойынша факультет деканына хабарласыңыздар.
05.01.2026ж