Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде даңқты қолбасшы, жазушы, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Процесс құпиясы» атты білімділер сайысы өтті.
Сайыс экономика және құқық факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы мен Атырау облыстық, қалалық және табиғатты қорғау прокуратураларының бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шараға тәжірибелі прокурорлар қатысып, әділ төрелік етті.
Әділқазылар алқасы құрамында облыстық прокуратура өкілдері болды.
5 команда, 5 кезең бойынша өткен сайыста:
«Құқық қырандары», «Прокурорлар», «Тергеушілер», «Lawyers», «Судьялар алқасы» командалары өзара бақ сынасты.
Сайыстың ашылуында Экономика және құқық факультетінің деканы Уталиева Райхан Сағытжанқызы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар:
-«Тергеушілер»
-«Lawyers», «Құқық қырандары»
-«Судьялар алқасы», «Прокурорлар»
-«Үздік бейнебаян» — «Lawyers» командасы
Бұл білім сайысы студенттердің кәсіби білімі мен құқықтық сауаттылығын арттырып, Бауыржан Момышұлының тағылымды өмірін насихаттауға зор үлес қосты.
Іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен Атырау облысы прокуратурасына алғыс білдіреміз!