Media Image
04.12.2025 46

Үздік нәтиже көрсеткен студенттерімізді құттықтаймыз!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қылмыстық-құқық пәндер кафедрасының «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 4 курс студенттері “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық бірлестігінің 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында жариялаған байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.
Бұл жеңіс – студенттердің азаматтық ұстанымы мен шығармашылық қабілетінің, сондай-ақ университет тарапынан жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстың жоғары деңгейінің көрінісі. 
4 курс студенттері Боранбай Диляра, Әбдеш Медина және Таушанов Аян оқу үлгерімі, ғылыми ізденісі және қоғамдық белсенділігімен көзге түскен факультеттің үздік студенттері қатарында. Олар қызыл дипломға үміткер ретінде танылып, академиялық көрсеткіштермен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға да белсенді атсалысып келеді.
Байқауға дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшілері — Мухамбетова Гүлсім және Тажгарина Бэлла.
Білім алушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!