ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын түсіндіруге арналған дәріс өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын түсіндіруге арналған дәріс өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – Жолдаудағы басым бағыттарды студенттерге түсіндіру, олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру және интернеттегі жауапкершілікті арттыру болды.
Философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Бекежан Өмірбек Қадырханұлы «Цифрлық трансформация және білім: Жолдаудағы стратегиялық бағыттарды талдау» тақырыбында сөз сөйлеп, ел болашағының білімді болуы үшін жауапкершілікті сезіну мен заманауи үрдістерді меңгерудің маңызын атап өтті.
ҚХА институты директоры м.а., з.ғ.м. Бақытова Айдана Жанатқызы, ҚХА ҒСТ мүшесі, ф.ғ.к, профессор Камелова Сания Ибрагимовна және Журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Ахoнова Мерует Иманғалиқызы студенттерге қазіргі цифрлық қоғамдағы заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Олар сондай-ақ интернеттегі заң талаптарын сақтау, жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі туралы кеңес берді.
Студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, цифрлық қоғам жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Іс-шара саналы интернет қолдану мен азаматтық жауапкершіліктің қоғамның тұрақтылығына қосатын үлесін айқын көрсетті.