Қауіпсіз қоғам үшін бірге: университетте маңызды кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде халықаралық акция аясында маңызды кездесу өтті. Бұл акция 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтуде.
Іс-шараға Атырау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі және Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Оракбаева Айгерім, сондай-ақ Атырау облыстық Полиция департаменті қызметкерлері қатысты.
Олар жиналған аудиторияға гендерлік теңдік, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылық тақырыптарында маңызды ақпараттар берді.
Кездесуге 40-қа жуық студент қыздар қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Бұл шара – жастардың құқықтық сауатын арттырып, зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға бағытталған маңызды қадам.