Media Image
29.11.2025 69

Атырау университетінің студенттері мен оқытушылары сенбілікке қатысты

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері мен оқытушылар құрамы «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты.

Жайық өзенінің жағасын тазалау барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңызын насихаттап, қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. 

Университет жастары қоғамның ортақ ісіне атсалысып, экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлестерін қосып, тазалық пен жауапкершіліктің құндылығын тағы бір дәлелдеді. 

#тазақазақстан #тазақазақстанэкологиялықакциясы #atyrauuniversity