Media Image
19.11.2025 2

Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат пәнінен Зерттеу жұмыстарын жүргізу әдісі тақырыбында ашық сабақ өтті.

Бүгін 19 қарашада Экономика және құқық факультетінде "Экономика" кафедрасының сеньор-лекторы А.К.Масалимованың 6В04101-Экономика,6В04106-Маркетинг.Менеджмент.Бизнес білім бағдарламасының 1 курс студенттеріне  "Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат" пәнінен практикалық ашық сабақ өткізді. "Зерттеу жұмыстарын жүргізу әдісі" тақырыбында білім алушылар екі топқа бөлініп "Жасанды интеллект пайда ма әлде зиян ба?" тақырыбында зерттеу жұмыстарын дайындады. "AI power" тобы жасанды интеллект пайдалы десе, "Neiro urpak" жасанды интеллект зиянды екенін зерттеу әдістерімен дәлелдеді. Презентация, плакаттар, сұхбаттар жүргізілген видео, ребус тәсілдерімен сабақ өз мақсатына жетті. Ашық сабаққа факультет деканы, кафедра меңгерушісі және профессор-оқытушылар қатысты.

📷 Дополнительные изображения