Media Image
21.10.2025 13

Университетте қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өтті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өтті.

Студенттер, магистранттар, оқытушылар және университет қызметкерлері онлайн режимде дроптар, қаржы пирамидалары, ақшаны жылыстату және қолма-қол ақшаны заңсыз айналымға шығару бойынша алаяқтық схемалар туралы 20 сұраққа жауап бере отырып, өздерінің қаржылық қауіпсіздік деңгейін тексерді.

Диктантқа қатысушыларға қатысушы сертификаттары, ал үздік нәтиже көрсеткендерге жеңімпаз дипломдары табысталды.