Media Image
17.10.2025 68

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымына!

Директорлар кеңесі атынан Alma Mater – Х.Досмұхамедов университетінің 85 жылдық мерейлі тойымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Университет тарихы – педагогика, өнер, жаратылыстану-ғылыми, ауыл және балық шаруашылығы, құқық және экономика, ІТ технология салаларында жоғары білікті кадрларды тиімді даярлауымен ерекшеленеді.

Университет түлектерінің мемлекетіміз бен өңіріміздің даму жолына қосқан үлесі өте зор. Сапалы өмір сүру жолында еңбек етуге студенттерді аудиторияларда, кітапханаларда, зертханаларда, спорт кешенінде білікті маман-оқытушылар мен профессорлардың жетекшілігімен алған білімі мен дағдылары көмектесті.

Жоғары оқу орнының педагогикалық мектебі Қазақстаннан да тыс жерлерде кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда Alma Mater өзінің түлектерін мақтан тұтады: танымал ғалым-ұстаздар, Еңбек ерлері, мемлекет пен қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, өнер майталмандары және атақты спортшылар Қазақстанымыздың әлеуметтік-экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымына қосқан үлестерінің зор екендігі баршаға мәлім.

85 жылдық мерейтой – университеттің тарихи даму жолында маңызды іргелі және қолданбалы ғылыми жаңалықтарға, рухы мен бірлігі жарасқан ұжымды биік шыңдарға жеткізетін кезең боларына кәміл сенеміз.

Біз алғашқы буын аға басшыларымыз бен әріптестеріміздің салып берген сара жолымен, сапа және инновация дәстүрлерін жалғастыра отырып, Халел Досмұхамедов университеті бұдан да биік белестерден көрінеріне сенеміз.

Университет ұжымына кәсіби жетістіктер мен жаңа ғылыми жаңалықтар, зор ізденіс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Директорлар Кеңесінің төрағасы Б.Б. Мамраев

Астана, 2025 жыл, қазан