
Теңіз ғылымының мамандарын даярлауға мән беру маңызды
Атырау қаласында 16-17 қазанда өткен Каспий маңы елдері университеттері қауымдастығының ХХVІІ Бас ассамблеясы жұмынына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Директорлар кеңесі толық құрамда қатысты. Каспий теңізі аймағындағы Қазақстан, Әзербайжан, Түркменстан, Иран, Ресей мемлекетінің университеттері мен ғылыми-зерттеу үйымдары қатысқан “Каспий экожүйесі: ғылым мен білімнің интеграциясы” тақырыбындағы жиында Директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев Каспий аймағының Қазақстан үшін ерекше аймақ әрі мақтаныш екендігіне және экономикалық хаб, энергокөзі және халықтың әл-ауқаты мен денсаулығына бірден бір ықпал ететін экологиялық маңызды аумақ екеніне назар аударды. Аймақтың биоалуандылық, климаттық, энергетикадық, логистикалық ерекшеліктеріне қажетті мамандар дайындау үшін биология, химия, инженерия және ІТ білімдеріне сүйенетін жаңадан “Теңіз экологиясы”, “Аквамәдениет және балық шаруашылығы”, “Теңіз энергетикасы” білім бағдарламаларын енгізуді ұсынды. Сонымен қатар бірлескен ғылыми-зерттеу гранттарының санын көбейту , желілік университет үлгісіндегі Каспий өңірінің үздік білім беру бағдарламалары мен зертханаларын біріктіретін Ұйымдастырушы орталық құру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы бизнесті осы процесске тарту туралы ұсыныстар жасады.
Алқалы жиында айтылған құнды ой-пікірлер мен талқылаулар «Досмұхамедұлы оқулары-2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жалғасын тапты. Директорлар кеңесінің төрағасыеЕл экономикасы үшін мамандар даярлауда Биг Дата, спутниктік мониторинг, ГИС-технологиялар тиімді қолданысқа енгендіктен жасанды интелектіні пайдалануға маңыз беру, ғылымды дамытуда ЖИ ұсынған мүмкіндіктерді жете талдау және енгізу жолдары зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
Ұсыныстар Ассмаблеяның және конференцияның қорытынды құжаттарына енгізілді.
