Media Image
16.10.2025 58

Атырау университетінде ғалым Ғарифолла Әнес атындағы аудитория ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Қабдолқайырұлы Әнес атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аудиторияның тұсаукесер рәсімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева және ғалымның жұбайы, ф.ғ.д., профессор Бағдан Момынова өткізді.

Шара барысында профессор Ғарифолла Әнестің қазақ әдебиеттануы мен алаштану ғылымына қосқан зор еңбегі, ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен айтылды.  Аудитория заманауи технологияларға сай әрі ғалымның ғылыми еңбектері мен өмір деректерін қамтып, жасақталған. 

Бұл игі іс – Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында өткізілген тағылымды шаралардың бірі болды.

file