
Этнограф-ғалым Зейнолла Сәнік атындағы аудитория ашылды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында жазушы, этнограф-ғалым Зейнолла Мұбарақұлы Сәнік атындағы этнология аудиториясының ашылу рәсімі өтті.
Дәрісхананың тұсаукесер рәсімін Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов өткізді.
Іс-шара барысында Зейнолла Сәнік еңбектерінің этнология, тарих және әдебиет салаларындағы маңызы мен қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі айтылды.
Аудиторияда ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш жасақталып, оның еңбектері мен фотожадылары қойылды. Бұл аудитория – ұлт мұрасын дәріптеу мен жас зерттеушілерге өнеге болар тағылымды бастама ретінде ұйымдастырылды.
