
Шетелдік студенттер көші-қон тәртібімен танысты
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде білім алатын шетелдік студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында университетіміздің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Алтынбасов Бахыт Өмірханұлы шетелдік білім алушыларға оқу орнымыздың құрылымы, халықаралық бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, таныстыру жұмысын жүргізді.
Атырау қаласы Полиция Басқармасының Көші-қон қызмет бөлімінің Полиция капитаны Тынысбаев Ануарбек Нурланбекұлы және Құттыбаева Айзада Жұмабайқызы шетелдік білім алушыларға көші-қон қызметі саласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну және алу мәселелері бойынша заңды құқықтық тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, мамандар уақытша тіркеуде жиі бұзылатын заң талаптарын сақтау жөнінде білім алушыларға құқықтық кеңестер берді.
Университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры м.а. Бақытова Айдана Жанатқызы шетелдік білім алушылардың оқу үдерісіне бейімделуі, мәдени іс-шараларға белсенді қатысуы және этномәдени бірлестіктермен өзара байланысын дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясы институты мен Студенттер Ассамблеясының жұмысын кеңінен таныстырып, шетелдік білім алушыларға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.