
Жас ғалымдар кеңесі кезекті мәжілісін өткізді
2025 жылдың 7 қазанында Жас Ғалымдар кеңесінің №2 мәжілісі өткізілді.
Жиынды кеңес төрағасы Рахметов М.Е. ашып, 2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары мен кеңес құрамын таныстырды.
Мәжіліс барысында Жас ғалым жобасы аясында атқарылатын жұмыстар мен кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, жас зерттеушілердің ғылыми белсенділігін арттыру бағытындағы бастамалар талқыланды.
Сондай-ақ, 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу мәселесі бойынша кеңес беріліп, жас ғалымдарды қолдау мен дамытуға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.
Қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жоспарлар мен бірлескен ғылыми бастамалар айқындалды.
Жас Ғалымдар кеңесі алдағы уақытта да университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, жас ғалымдардың кәсіби дамуын қолдауға және жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
