Media Image
14.10.2025 60

Атырау облыстық практикалық семинары өтті

«Физикадан толықтырылған шынайылықтың динамикалық бейнелері мен интерактивті модельдері негізінде оқу құралдарын дайындау» атты Атырау облыстық практикалық семинары өтті.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде физика және техникалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Физикадан толықтырылған шынайылықтың динамикалық бейнелері мен интерактивті модельдері негізінде оқу құралдарын дайындау» атты Атырау облыстық практикалық семинары өтті.

 Семинардың басты мақсаты – физика пәнін оқытуда заманауи цифрлық технологиялардың рөлін айқындау, AR және интерактивті модельдер арқылы оқыту сапасын арттыру.

 Іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 Сонымен қатар, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Баян Улжагалиевнаның «Физика: 7-сыныпқа арналған интерактивті цифрлық оқулығының» тұсаукесері өтті.

 Цифрлық педагогика дәуірінде физика пәнін оқытудың жаңа қырлары ашылып, мұғалімдердің кәсіби дамуына тың серпін берді.

file