Media Image
25.09.2025 27

Шахман Нағымұлы студенттермен кездесті

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тарих ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлымен кездесу өтті.

Зерттеушілік еңбегімен ғана емес, ұлағатты ұстаздығымен де елге танылған ғалым биыл 80 жасқа толып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған жүздесуде студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тікелей жауап алды.

Профессор әңгіме барысында ғылымға адалдық, табандылық пен ізденістің маңызына тоқталды. Сондай-ақ жас тарихшыларға зерттеу ісінде жол табудың қыр-сырымен бөлісті.