
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы мен құрамы сайланды
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, оның құрамы бойынша мүшелері лауазымына сайлану – жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердегі жас зерттеушілердің мүддесін білдіретін, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл лауазымдық міндеттер болашақ ғылым көшбасшыларын танытатын, оларды ғылыми ортада бейресми түрде мойындататын үлкен алаң деп айтуға болады.
Кеңес төрағасы – тек ұйымдастырушылық жұмыстардың үйлестірушісі ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдардың бастамаларына қолдау көрсетуші, олардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беруші тұлға болуы тиіс. Бұл лауазымға ұсынылған үміткердің ғылыми әлеуеті, ұйымдастырушылық қабілеті, көшбасшылық қасиеті және ұжыммен жұмыс істей алу мәдениеті аса маңызды.
Жас ғалымдар кеңесінің рөлін арттырып, оның жұмысына серпін беру үшін бұл қызметке жан-жақты дайын, ғылыми ортада беделге ие, жас ғалымдардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары маман сайлануы қажет деп есептеу маңызды.
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мугауина Гулбарам Олжағалиқызына атқарған жұмыстары үшін үлкен рақметімізді айтамыз. 2025-26 оқу жылында Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланған Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Рахметов Мақсот Елеусізұлына шығармашылық табыстар мен тың бастамалар тілейміз.